Статья:

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Журнал: Научный журнал «Студенческий форум» выпуск №14(323)

Рубрика: Педагогика

Выходные данные
Альпилам Н. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ // Студенческий форум: электрон. научн. журн. 2025. № 14(323). URL: https://nauchforum.ru/journal/stud/323/171584 (дата обращения: 24.04.2025).
Журнал опубликован
Мне нравится
на печатьскачать .pdfподелиться

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Альпилам Нурила
магистрант, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды

 

Отбасы – адамның өміріндегі ең алғашқы және маңызды орта болып табылады. Ол баланың алғашқы тәрбие алатын жері, тұлғаның қалыптасуының негізі. Бастауыш сынып оқушыларының дамуы мен тәрбиесінде отбасының рөлі ерекше. Отбасы құндылықтары тек ата-ананың тәрбиесінен ғана емес, сонымен қатар баланың моральдық, әлеуметтік, психологиялық дамуында да маңызды орын алады. Қоғамның болашағы – оның мүшелерінің, оның ішінде жас ұрпақтың тәрбие алуы мен даму деңгейіне тікелей байланысты. Бастауыш сынып оқушыларының бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыру – бұл тек қана жеке тұлғаны дамыту емес, сонымен қатар қоғамның моральдық және әлеуметтік негіздерін нығайту процесі болып табылады. Отбасы – адамның өмірдегі алғашқы тәрбие алатын ордасы, сондықтан отбасы құндылықтарын балаларға кішкентай кезінен бастап үйрету өте маңызды.

Р.Нұрғалиевтің философиялық сөздігі бойынша «Отбасы» -әлеуметтік қауымдастықтың түрі, яғни ерлі-зайыпты одаққа және ері мен әйелінің, ата-аналар мен апа-қарындастардың, бірге тұрып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан-алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы» - деп түсіндіріледі.  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: құндылық – нарқы жоғарылық, қымбаттылық, бағалылық деп сипатталады. Құндылық арқылы сол заттың маңызын, мәнділігін, пайдалылығын, қажеттілігін, керектігін білуге болады. Мәселен, есептегіш машинаның құндылығы адамның оны дұрыс пайдалана білуіне байланысты. Адам үшін маңыздының барлығы алғаш отбасында өтеді: дүниеге келу, алғашқы қадамдар жасау, қауіпсіздікті сезіну, сүйіспеншілік пен бақыт. Әрбір адам үшін отбасы – бұл өзінің биологиялық қажеттіліктерін ғана емес, алдымен рухани қажеттіліктерін, сүйспеншілік, қамқорлық, мойындалу сезімдерін жүзеге асыруға қажеттілік. Отбасы жоғары құндылықтарды: махаббат, сенім, құрбандық қабілеттерін бірегей «өндіруші» болып табылады (В.В.Розанов).

Ш.Уәлихановтың көзқарасы бойынша, адам, оның өмірі – ең басты құндылық, жаратылыстың ғажайып жемісі, ол табиғатпен тікелей байланысты. Оның пікіріне сүйенсек, әрбір халық үшін басты мақсат − «еуропалық, жалпыадамзаттық ағартуды игере отырып, осы жолдағы кедергілермен күрес жүргізіп, даму мен мәдениетке қол жеткізу адғашқы орында болған. Шоқан қазақтың ерекше мәдени үлгілеріне тұңғыш рет ғылыми талдау беру барысында құндылықтарға айрықша көңіл бөледі. Сондай-ақ, ғалым адамгершілік құндылықтарын өзіміздің әдет-ғұрыптан, салт-дәстүрлерден көрінетінін талдап, оны дамыту үшін, әдебиет пен дәстүрлердің озық үлгілерін пайдаланып, оны күнделікті өмірге құрал етіп ұсынуды көздейді. Ы.Алтынсарин адамгершілік құндылықтарды үлкенді сыйлауға, өнеге үйретуге уағыздаған негізгі қағидаларын жете түсініп, оны басқа да халықтардың озық ой-пікірлерімен толықтырып дамытты. Қазақ педагогикасының ірі тұлғаларының бірі – А.Құнанбаев та өзінің өлең, қара сөздерінде адамды жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үндеп отырған. Ақын шығармашылығының негізі – адамгершілік тақырыбы. Адамгершілік қасиеттерді үйлесімділікте дамыту, сөйтіп имандылыққа тәрбиелеу жайлы ойын: «біреуге көмектесу – ішкі зор қуат пен терең ақыл және ыстық сезімнің ісі», - деп жеткізеді. Абайдың бұл афоризмінен адам бойында осындай қасиеттер түгел болғанда, ол адамгершіліктің иесі бола алатындығының белгілері екендігін байқаймыз.

Отбасы іштей сүйіспеншілік және бақытпен қосылған рухани денсаулық, байсалдық сипаты, шығармашылық іскерлігі қалыптасқан мектеп. Бақытты да баянды отбасында адам рухани ағзасы зақымданбай, өзі де табиғи құруға және тәрбиеленуге қабілетті тұлға болып тәрбиеленеді. Қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды, әлеуметтік-мәдени даму бағдарының алмасуын талдау нәтижесінде ресейлік қоғамдағы отбасының құндылықтарын өзектендіру, оның тұтас қоғамның тұрақты дамуындағы рөлін көтеру жайлы айтуға болады. Қоғамның дамуы мен әлеуметтік құрылымында отбасы институтының маңызы зор. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі болып табылады, сондықтан оның моральдық құндылықтары мен дәстүрлері қоғамның мәдениетінің негізі болып табылады. Отбасы құндылықтары жастардың ұстанымдарын анықтайды, олардың әлеуметтік жауапкершілігін, имандылығын, адами қасиеттерін қалыптастырады. Мектепте отбасы құндылықтарына бағытталған тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы жас ұрпақтың санасын кеңейтіп, оларды қоғамға пайдалы азамат етіп тәрбиелеуге болады. Қазіргі қоғамда отбасы құндылықтарына қатысты көптеген қиындықтар туындап отырғаны белгілі. Қалалық өмірдің жылдам қарқыны, түрлі әлеуметтік мәселелер отбасының дәстүрлі рөлін әлсіретуде. Дегенмен, бастауыш сынып оқушыларын отбасы құндылықтары бойынша тәрбиелеу арқылы осы мәселелерді шешуге болады. Балаларды ата-аналарымен жақсы қарым-қатынаста болуға, өзара түсіністік пен қолдауды нығайтуға тәрбиелеу олардың болашақта жауапты, адал, әрі мейірімді азамат болуына ықпал етеді.

Қорыта айтқанда, отбасы құндылықтарын бастауыш сынып оқушыларына қалыптастыру – бұл тек қана олардың жеке тұлғалық дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар қоғамның моральдық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін де маңызды. Отбасы – адамның өміріндегі алғашқы тәрбие ордасы ретінде, ол баланың өмірлік қағидаларын, құндылықтарын және әлеуметтік мінез-құлық нормаларын қалыптастырады. Сондықтан мектептерде, әсіресе бастауыш сыныптарда отбасы құндылықтарын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Бұл жас ұрпақтың болашақта жауапты, мейірімді, қоғамға пайдасын тигізетін азамат болып өсуіне мүмкіндік береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Алтынсарин Ы. Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1990. - 201 б.
2. Құнанбаев А. Шығармаларының екі томдық толық жинағы: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Көркем әдебиет, 1957. - 368б.
3. Нишанбаева С. З. Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасыадамгершілік құндылықтарын қалыптастыру – диссертация, 2019 жыл
4. Розанов В.В. Семейный вопрос в России. – М.: Республика, 2004. 
5. Уәлиханов Ш. 5-томдық шығармалар жинағы. 1-ші том. – А., 1961. - 640б. 
6. Үлкен қазақша - орысша, орысша - қазақша сөздік/ Большой казахско - русский, русско-казахский словарь// Қалдыбай Бектайұлы Бектаев.- Алматы: Алтын қазына, 2007. - 709б.
7. Философский энциклопедический словарь. - М., 1983.-840с